• Табан саңырауқұлақшаларын жұқтырып алмас үшін не істеу керек?

Табан саңырауқұлақшаларын жұқтырып алмас үшін не істеу керек?

Табан саңырауқұлақшасын жұқтырып алу өте қарапайым: себебі біз жағажайда, бассейнде, қонақүй бөлмелерінде жалаңаяқ жүреміз. Алайда аяқтың саулығын сақтау өте қиын. Біз Сізге инфекциядан қалай сақтану керектігін түсіндіреміз.

Саңырауқұлақшаның ең басты жауы – иммунитет. Міне соның арқасында балаларға аяқ саңырауқұлақшаларының инфекциялары сирек жұғады. Олардың ең «жақсы көретін» жас ерекшелігі – 30 жас және одан жоғары, бұл кезде көптеген адамдардың иммундық жүйесі әлсіреу бастайды. Міне сонда...

Демалыс кезінде

Тыйым салынады: қонақүйге жақын жердегі тас жолда және бассейн жанында жалаң аяқ қыдыруға.

Рұқсат етіледі: жағажайда күнге қызған құм үстінде аяқ киімсіз қыдыруға, мұнда табан саңырауқұлақшаларын жұқтыру қаупі төмен дәрежеде. Қонақүй бөлмелерінде жалаң аяқ жүруге болады, себебі мұнда дезинфекция мұқият жасалады. Ванна бөлмесінде мұндай жұмыстар жүргізілгені туралы унитазға, раковинаға немесе қабырғаға жапсырылған арнайы этикеткалар куәландырады.

Сақтану шаралары: күн сайын табан терісіне дезодорант немесе ұнтақ жағу керек. Олар аяқты жағымсыз иістен қорғап қана қоймайды, сонымен қатар ылғалды жақсы көретін саңырауқұлақшалартан қорғайды. Сондай-ақ, ұнтақ сіздің аяғыңызды сүйелдерден қорғайды.

Моншада

Тыйым салынады: моншада және бассейнде аяқ киімсіз жүруге – бұл жерлер саңырауқұлақшаларға толы орындар болып саналады.

Рұқсат етіледі: ыстық құрғақ булы орындарға, мысалы, саунаға жалаң аяқ кіруге.

Меры защиты: моншаға барар алдында табан терісіне антимикозды әрекеті бар нәрсе жағыңыз. Бұл гель немесе крем болуы мүмкін. Дәрігерлер белсенді өмір салтын қалайтындардың және спорт кешендерінің душ кабиналарына, бассейндер мен сауналарға жиі баратындардың барлығына оларды пайдалануға кеңес береді.

Спортзалда

Тыйым салынады: аяқ киімсіз жүруге. Мұнда инфекцияны жұқтыру қаупі өте жоғары. Тіпті ғимаратта мұқяит дезинфекция жүргізілсе де, оны ешкім күніне бірнеше рет жасамайды.

Сақтану шаралары: киім ауыстырған кезде еденді жалаң аяқ баспаңыз, жеңіл аяқ киімсіз душқа және саунаға кірмеңіз, солярийде міндетті түрде бір рет пайдаланылатын аяққаптарды пайдаланыңыз. Сумен жуынып болғаннан кейін табанды, саусақтарды және олардың арасын құрғатып сүртіңіз, тек құрғақ аяқ киім мен носкилерді киіңіз.

Белгілері қандай?

Саңырауқұлақшалар болған жағдайда аяқ тілімдері мөлдірлігін жоғалтады, онда ұсақ сары, ақшыл немесе сұр түсті дақтар пайда болады. Үшінші және төртінші саусақтардың арасында баздану, қызару, ісіну пайда болады. Табанның ішкі иірімдерінде көбіршіктер, қабыршақтану, ал табанның өзінде қалыңдау сүйелдер, кейде жырықтар жиі пайда болады, аяқ жиі қышиды. Соңғы сатысында аяқтың түсі сарғаяды және үгіле бастайды.

Қалай емделу керек?

Қазіргі медицинаға инфекциядан құтылудың көптеген тәсілдері белгілі. Саңырауқұлақшалақдың кейбір түрлері арнайы лактердың көмегімен тиімді емделеді, кейбіреулері тек дәрі қабылдауды талап етеді. Дұрыс тағайындалған емдеу курсы бар-жоғы бірнеше аптаға созылады.

Микоз – жағымсыз нәрсе, егер оны аяғына дейін емдемесе, ол жасырынып қалады да, иммунитетті азайтып, астма, гастрит, дерматит, тіпті саңырауқлақша аллергиясын тудыра отырып, ағзаны іштен қажай бастайды. Нақты диагнозды анализ қорытындылары шыққаннан кейін тек дәрігер ғана қоя алады. Сондықтан, егер Сізде күмән туындаған жағдайда дәріханаға емес, дерматологтың қабылдауына барған және жарақаттанған теріден немесе тырнақтан қырынды (соскоб) анализін тапсыру қажет.

Назар аударыңыз! Өз бетінше емделу еш нәтиже бермейді.

P.S.: Қатер аймағында

Егер Сіз саңырауқұлақшамен ауырған болсаңыз, сақтану шараларын екі есе арттырған дұрыс. Сіздің жағдайңызда микозды жұқтырып алу қаупі өте жоғары. Сонымен қатар, созылмалы аурулары, жалпақтабан, варикоз, қант диабеті, табан жарақаты және тілімдері бар адамдардың барлығына сырқаттан сақтануға кеңес беріледі.

Дерек көзі: wday.ru

Табан саңырауқұлақшаларын жұқтырып алмас үшін не істеу керек? Табан саңырауқұлақшаларын жұқтырып алмас үшін не істеу керек?
Республика даңғылы 50/2 010000 Астана Ақмола облысы Қазақстан