Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін қайда жүгінуге болады? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Соған сәйкес болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамту жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үлестірілген.

«Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін: зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар мен шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінеді. Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) жергілікті бөлімшесіне (халыққа қызмет көрсету орталығына) өтініш береді. Ал зейнет жасына толған азаматтар биыл қазан айында енгізілген жаңа Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтініш пен қажетті құжаттарды тек бір жерге — осы мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Яғни, айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының сомалары туралы Қордан алынған мәліметтерді алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті және міндеті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасынан артық немесе оған тең болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасынан төмен болса, Мемлекеттік корпорация айырма төлемін есептейді. Бұл сома 10 жұмыс күні ішінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына аударылады.



  • Басты мәзір
  • БЖЗҚ: ақпарат
  • Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін қайда жүгінуге болады? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін қайда жүгінуге болады? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз. Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін қайда жүгінуге болады? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.
Республика даңғылы 50/2 010000 Астана Ақмола облысы Қазақстан