Фрилансерлер де зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VІ Заңы) енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде (бірақ ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 75 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуге міндетті.

Осылайша, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін МЗЖ аудару тәртібі мынадай:

  • азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар (қызмет көрсетушілер) міндетті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді;
  • екінші деңгейдегі банктерде шоттары жоқ жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен Мемлекеттік корпорацияға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді;
  • екінші деңгейдегі банктер ТМК (төлем мақсатының коды) 010 кодын қолдана отырып, Мемлекеттік корпорацияға төлем тапсырмасын әзірлейді. Одан әрі, салымшылардың МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.

Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/4ad/4addeb793dfa25a5136d50e27570398a.pdf

Жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтінішті Қордың кез-келген бөлімшесінде және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.



Фрилансерлер де зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме? Фрилансерлер де зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме?
Республика даңғылы 50/2 010000 Ңұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан