БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтерді алуға болады?

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Терминалдың корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал МЗЖ бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет.

Барлық филиалдарда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдардарын қолдану арқылы ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%) қызметтері.



  • Басты мәзір
  • БЖЗҚ: ақпарат
  • БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтерді алуға болады?

БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтерді алуға болады? БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтерді алуға болады?
Республика даңғылы 50/2 010000 Ңұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан