Зейнетақы активтері не үшін екінші деңгейдегі банктерге инвестицияланады? Олар бірінен-соң бірі жабылып жатыр емес пе?

Қазіргі уақытта зейнетақы активтері бірыңғай оператор – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоғырландырылған. Оның құрылтайшысы және жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті ҚР Ұлттық Банкнің сенімгерлік басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық Банк ҚР Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңесімен бірлесе отырып жүзеге асырады. Сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі біршама диверсификацияланған, яғни әртараптандырылған. Сәйкесінше зейнетақы активтері тәуекелі төмен, табысы тұрақты, ұлттық және шетелдік валютада номинирленген әр түрлі  қаржы құралдарына инвестицияланады. Басты мақсат - ұзақ мерзімді болашақта тұрақты инвестициялық табыс алып тұру. Бұл - басты стратегия.

Портфельдің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (47%), екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарына (17%) және шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына (11%) инвестицияланған.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (68%) және шет мемлекеттердің валютасында (32%) номинирленген. 

Зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау нарық жағдайында жүзеге асырылады. БЖЗҚ банктердің облигацияларына қатысты жалғыз инвестор емес. Ол бұл бағалы қағаздарды кез келген уақытта сатып алуға және сатуға құқылы.

Ұлттық Банк зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша барлық шешімдерді ашықтық қағидатын ұстана отырып қабылдайды. Инвестициялық портфельдің құрылымы ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланып отырады. Оны кез келген адам көре алады.



  • Басты мәзір
  • БЖЗҚ: ақпарат
  • Зейнетақы активтері не үшін екінші деңгейдегі банктерге инвестицияланады? Олар бірінен-соң бірі жабылып жатыр емес пе?

Зейнетақы активтері не үшін екінші деңгейдегі банктерге инвестицияланады? Олар бірінен-соң бірі жабылып жатыр емес пе? Зейнетақы активтері не үшін екінші деңгейдегі банктерге инвестицияланады? Олар бірінен-соң бірі жабылып жатыр емес пе?
Республика даңғылы 50/2 010000 Астана Ақмола облысы Қазақстан