Астана қаласы күні мерекесімен құттықтаймыз!

0.0/5 оценка (0 голосов)
Астана қаласы күні мерекесімен құттықтаймыз!
Жарияланды: 2017-07-01 / Жаңартылды: 2017-07-01

Құрметті  Дерматология Орталығының

келушілері мен қала қонақтары!

Сіздерді -Астана қаласы күні мерекесімен құттықтаймыз!

Астана –Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің нышаны мен абыройы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың таңдауымен және тікелей басшылығымен салынған Астана қаласы ұлтымыздың Ұлы жеңісі, мың жылда бір рет болатын тарихи оқиғасы болып саналады.

Астана- қазақтың абыройын асқақтатып, мерейін өсірді. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасын бүкіл әлем танып, мойындап отыр. Астана дүниежүзіндегі ең әдемі шаһарлардың біріне айналды.

Бүгінгі таңда Астана өз мерекесін алып күш және қуатпен,жаңа табыстар мен жетістіктер арқылы қарсы алмақ.ЭКСПО-2017 көрмесі-бұл Тәуелсіз Қазақстанның ең ірі жобасы.ЭКСПО-2017 басты тақырыбы-«Болашақ энергиясы».Астана ЭКСПО-2017 көрмесі арқылы әлемнің «21 белгілі» ақылды қалалары қатарына енді.

Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес.

Астана - болашағы жарқын қала.  Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып,бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!
Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.