30 мамырда «Меланома күні» акциясы өтеды

0.0/5 оценка (0 голосов)
30 мамырда «Меланома күні» акциясы өтеды
Жарияланды: 2017-05-25 / Жаңартылды: 2017-05-26

Жыл сайын мамыр айында әлемнің көптеген елдерінде «Меланома күніне» арналған акция өтеді. Мелонома күні өлімге әкеліп соғатын  әлеуетті ауруды оның алғашқы кезеңінде оңай емдеуге болатынына қоғамның  назарын аударуға шақыруға арналған.

Экологиялық жағдайдың  төмендеуі және ауаның зиянды ультракүлгін сәулені өткізуінің жоғарылауы, солярии жасаудың сәнге айналуы, күнге қарсы пайдаланатын құралдарсыз күн астында ұзақ болу - аурудың жыл сайынғы өсуіне әсер ететін факторлар. Қоғамдағы ақпараттың жетіспеушілігімен, дәрігерге кеш қаралымға бару - бұл меланоманы емдеуде сәтсіз жолдардың бірі болып табылады.

Тері мелономасы аурының ерте кезеңін, қарапайым тері жабындысын  қарауда анықтауға болады. 2015 жылы Қазақстан Республикасында алғаш рет 355 аурулар,оның ішінде Астана қаласында 14, 2016 жылы Астана қаласында 21 ауру тіркелген.

Астана қаласының Дерматология орталығы қалалық онкология диспансерінің онкологтарымен бірлесіп, 30-мамыр күні «Меланома күні» акциясын  өткізгелі отыр. Барлық қаралымға келген емделушілер білікті дерматологтар мен онкологтардың кеңесі, арнайы диагностикалық әдістер (дерматоскопия, видеодерматоскопия) көмегімен қабылданады. Видеодерматоскопиямен тексеру жай көзбен бақылауға алуға қиын терідегі элементтерді көруге және олардың құрылысын мұқият зерделеуге мүмкіндік туғызады. Аталған әдіс динамикалық бақылау жасау үшін таптырмас әдіс, себебі түсірілген суреттер мұрағаттандырылады.

Акция аясында тегін қаралымнан өтуге және қажет болған жағдайда онколог мамандардан диагностикалық және емдік қолдау алу мүмкіндігі бар.

Мелонома күні — меңдерді тексеру  арқылы ауруды уақытылы аңықтап, өз өмірін және жақындарының өмірін қорғау мүмкіндігі болып табылады.