Астана қаласы Дерматология орталығының міндеті

0.0/5 оценка (0 голосов)
Жарияланды: 2015-10-21 / Жаңартылды: 2015-10-21

Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын-ала емдеу орталығы» ШЖҚ МКК басты міндеті, көрегендігі, құндылықтары

Міндеті:

  • Тері ауруларына шалдыққан адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен сырқаттануды төмендету, инновациялық технологияларды қолдана отырып, науқастарға кеңес беру.

Мақсаты:

  • Инновациялық диагностиканы және емдеу технологияларын қолданумен тұрғындарға мамандандырылған және алдын-ала дерматовенерологиялық, дерматокосметологиялық медициналық көмек көрсету.

Көрегендігі

  • Дерматовенерологиялық, дерматокосметологиялық қызметті жаңғырту жолымен одан әрі жетілдіру, сапалы медициналық көмек көрсету жүйесін бір мезгілде қолжетімділігін арттыру және экономикалық  тиімділікті жоғарлатуды тиімді қалыптастыру.

ҰРАНЫМЫЗ: Біз адамдарға әсемділік пен сенімділік береміз, олардың өмірлерін жақсартамыз.

Біздің құндылықтар:

  • Әдептілік
  • Кемелділікке талпыныс
  • Салт-дәртүрге құрмет
  • Сенімділік пен жауапкершілік
  • Салмақтық пен кәсіпқойлылық
  • Бастамашылық пен жасампаздық
  • Топтық және нәтижелілік
  • Ашықтық және игі ниеттілік
  • Салауатты өмір салты (дене, рух,сана)

Біздің құндылықтарымыз - біздің ұжымның мүшесі немесе мүшесі болғысы келетін әр адамға ұсынылатын талаптар, критерийлер және ережелер жиынтығын анықтайды.

Біздің құндылықтар – бұл қағидалардың жиынтығы, оларға сүйене отырып, басшылар алға мақсаттарды қояды да, оларға қол жеткізілгендігін анықтайды.

Біздің жұмыс істеу қағидаларымыз:

Клиенттер үшін:

  • емдеу процессі кезінде науқастарды және олардың отбасын серіктес ретінде қабылдау;
  • үнемі әр науқасқа көмек көрсетуге ізгі ниеттілік;
  • науқастарға ауру сипаты, диагностикасы және емделуі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, олардың денсаулығы мен амандығын қозғайтын шешімдерді қабылдауда ақпараттанған қатысушы болуға ынталарына ықпалдасу;
  • біздің әр ісіміздің шыншылдығы мен ізгі ниеттілігі;
  • науқастар мен олардың отбасының болжамдарын жоғарлату

Қызметкерлер үшін:

  • жоғары санатты мамандар мен ұжымдық мәдениет ережесіне ортақтасатын, ісіне берілген қызметшілер ретінде науқастарға көмек көрсету процессіне қатысушылармен өзара ықпалдасу;
  • серіктестік рухтағы бірлескен жұмыс, әркімнің белсенді қатысуы, сондай-ақ жеке бастамаларды көтермелеу;
  • науқастарды емдеуде сабақтастық қағидасын іске асыру;
  • әрбір қызметкердің  кәсіби дамуындағы тұрақты қызығушылық танытуы;
  • клиника ұжымында, серіктестермен және  басқа да қоғамдық мекемелермен тығыз байланысты қалыптастыру және оны ұстап тұру.

Серіктестер үшін:

  • мінсіз қызмет көрсетуге үздіксіз ұмтылу;
  • сапалылықты қамтамасыз ететін барлық процесстерді тұрақты жетілдіру: кәсіби шеберлілік, қызмет көрсету сапасы, технологияның шеберлігі, менеджмент сапасы;
  • не істесең де жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге тұрақты ұмтылу: өлшеу, қызмет көрсету және сапа стандарттары жөніндегі мониторинг пен есептілік, науқастардың қанағаттануы, өз санатындағы үздіктермен салыстыру.

Қоғам үшін:

  • адамгершілікке бағытталған жұмыс – тұрғындардың денсаулығын сақтау мен жақсарту, өмір сүру сапасын жоғарлату;
  • біз өмір сүріп және жұмыс істеп жатқан қоғамдастықды қолдау;
  • мұқтаждарға көмек көрсету және қиын қаржылық жағдайдағыларға ықпалдасу;
  • қоғамның қажеттіліктерінің өзгеруіне байланысты өзгеруге талпыну.


docxАстана қаласы Дерматология орталығының міндеті