ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

0.0/5 оценка (0 голосов)
Жарияланды: 2015-10-21 / Жаңартылды: 2015-10-21

Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын-ала емдеу орталығы» ШЖҚ МКК

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

Денсаулық сақтау саласындағы қызметкердің этикалық кодексі (бұдан әрі-Кодекс) медициналық және әлеуметтік қызметкердің (бұдан әрі – денсаулық сақтау қызметкері) кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру кезіндегі этикалық нормалар мен қағидалар тәртібінің жиынтығын анықтайтын құжат болып табылады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 184 бабы, 31 тармағы негізінде әзірленді. Осы Кодекс денсаулық сақтау саласы қызметкерлері мен қоғамның және пациенттің арасындағы өзара қарым-қатынасты анықтайды және құқықтық, адамгершілік, тұлғаның денсаулығы және тұтастай қоғамды қалыптастыруға, сондай-ақ 

Этикалық кодекс денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауапкершілігін айқындайды.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын-ала емдеу орталығы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі - Орталық) қызметкерлері өз қызметінде келесі моральді және этикалық қағидаларды басшылыққа алу керек:

  1. осы Кодексті басшылыққа алуға;
  2. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;
  3. тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;
  4. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
  5. өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;
  6. өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;
  7. өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;
  8. еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;
  9. денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға;
  10.   сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
  11. қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;
  12. жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
  13. басқа да денсаулық сақтау саласының қызметкерлері тарапынан Этикалық кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
  14.  өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс.

Пациенттермен қарым-қатынаста денсаулық сақтау саласының қызметкерлері:

  1. жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
  2. мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;
  3. адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;
  4. азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;
  5. пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;
  6. өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға;
  7. өзінің денсаулығын сақтауға ынтымақты жауапкершілік қағидаттарын түсіндіруге тиіс.

Өз әріптестерімен қарым-қатынаста денсаулық сақтау саласының қызметкерлері:

1)жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;

2)пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;

3)басқа денсаулық сақтау саласы қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;

4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.

5)денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің Этикалық кодексін сақтауы олардың кәсіптік борышы болып табылады.

6)денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша денсаулық сақтау саласы қызметкерінің Этикалық кодексінің ережелерін сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.


docxЭтикалық кодексі