Дерматология орталығы туралы

0.0/5 оценка (0 голосов)
Дерматология орталығы туралы
Жарияланды: 2010-06-01 / Жаңартылды: 2017-05-25

«Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын ала емдеу орталығы» МКК («Терівендиспансері») ҚР Азаматтық Кодексіне, «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» ҚР Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құрылды.

«Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын ала емдеу орталығы» МКК («Терівендиспансері») ҚР Азаматтық Кодексіне, «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» ҚР Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құрылды.

Астана қаласы әкімінің 1999 жылғы 9 шілдедегі № 3-1-533 қаулысына, АЭА әкімшілік Кеңесінің шешіміне сәйкес Астана қаласының Терівендиспансері «Астана қаласының дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын ала емдеу орталығы» МҚКК болып қайта аталды. Астана қаласы әкімінің 16.11.2007 жылғы № 16-1059-П қаулысымен «Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын ала емдеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып қайта құрылды.

Кәсіпорынның заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Республика даңғылы 50/2. Ғимараты 1988 жылы салынған, жалпы ауданы 4087,9 м2(соның ішінде: емхана, стационар – 3442,5 м2, шаруашылық корпусы – 645,4 м2).

Үш қабатты ғимаратта мамандандырылған бөлімшелер орналасқан:

  • бірінші қабатта - қабылдау бөлімі, күндізгі стационар, физио бөлімі
  • екінші қабатта - дерматокосметология,
  • үшінші қабатта- тәулік бойғы стационар (тері-таз бөлімі)

Төрт қабатты ғимаратта орналасқан:

  • бірінші қабатта — тіркеу бөлімі, орталықтандырылған бактериологиялық және серологиялық зертхана, анықтама бөлімі, дәріхана, УДЗ , плазмаферез, гардероб және күзет бекеті;
  • екінші қабатта - диспансерлік бөлім, бактериологиялық зертхана, шаруашылық-есеп  бөлімі;
  • үшінші қабатта – әімшілік-басқарма басшылығы, кадрлар бөлімі, бухгалтерия бөлімі, әдістемелік –ұйымдастыру бөлімі,  провизор, бас медбике;
  • төртінші қабатта  - орталықтандырылған иммунологиялық зертхана.

Аумақтағы жеке блокта орталықтындырылған залалсыздандыру бөлімі (ОЗБ)  және мәжіліс залы орналасқан.