Диспансер бөлім (емхана)

0.0/5 оценка (0 голосов)
Жарияланды: 2010-02-01 / Жаңартылды: 2015-04-28

Диспансер бөлімі парақшасына қош келдіңіздер!

Диспансерлік бөлім тері және жұқпалы тері аурулары және де жыныстық қатынасы ауруларын құпия түрде емдеудің мамандандырылған дерматовенерологиялық көмегін көрсетеді.

 

Диспансерлік бөлім 4 қабатты ғимараттың бірінші және екінші қабаттарында орналасқан. Бірінші қабатта: аңықтама қызметі, тіркеу бөлімі, бөлімнің жұмыс жасау тәртібі жөнінде және Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері туралы ақпараттар орналасқан. Ауруларды қабылдау кабинеттері төмендегідей құрамдардан тұрады: балалар кабинеті, микология кабинеті (таз ауруларын қабылдау), дерматовенерологиялық кабинеттер.

Бөлім меңгерушісі – Сарсекеева Надия Алпысбековна - жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 26 жыл.

Бөлім құрамында 10 дәрігер қызмет атқарады, барлық дәрігерлердің біліктілік санаттары мен мамандық сертифаттары бар, сондай-ақ 2 дәрігер медицина ғылымдарының кандидаттары болып табылады.

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

4 D форматты УДЗ ішкі құрылыс органдарын қолжетімді бағамен ультрадыбыстық зерттеуге арналған, және төмендегідей ағзаларды зерттейді:

  • Қалқанша безін УДЗ
  •  Сүт бездерін УДЗ
  • Бүйрек және төменгі кеңістіктерді УДЗ
  • Кіші жамбас органдарын УДЗ (еркектік без және қуық )
  • Гинекологиялық –УДЗ (іш арқылы), қынап (трансвагинальды) арқылы
  • Құрсақ тығыршығын УДЗ
  • Жұмсақ бұлшық еттерді УДЗ
  • Ұманы УДЗ
  • Лимфалық бездерді УДЗ
  • Жүктіліктің ерте кезеңдерін УДЗ

УДЗ кабинеті (109) күн сайын,  сенбі және жексенбі күндерінен басқа сағат 9.00 ден 13.00 дейін жұмыс жасайды (дәрігер Шұрамбаева Жанар Бекарысқызы).

Плазмоферез

Дерматология орталығында қанды мембраналық плазмаферез әдісімен тазалайтын плазмаферез кабинеті жұмыс атқарады. Бұл әдіс ағзаны  тазалаудың тиімді әрі бірден-бір сирек әдісі болып табылады.

Көрсеткіштер:

  • созылмалы тері аурулары
  •  аутоиммундық аурулар,
  •  мерез және де кез келген этиологиядан улану т.б.

Жұмыс кестесі 12.30 дан 14.00 дейін.

Толық ақпаратты 8 (7172) 22-60-92, 8 701 332 38 61 телефондарынан ала аласыз.

Физиоем қабылдау

Сіз тері және венериологиялық ауруларды емдеуге арналған физиоемдік процедура  алуығызға болады: ультрадыбыстық, ультрасәулемен емдеу, Д* арсонваль тоғымен, УВЧ, биоптрон, индуктотермия, фонофорез.

ПУВА терапия

ПУВА терапиясы-бұл теріге дәрілік заттардың–псоралендер (П) мен ұзынтолқынды ультракүлгін толқындардың (УКТ) әсері.

Емдеу әдістері:

Емделуші дәрілік препараттарды ішке қабылдайды немесе теріге жағады, 2-3 сағат өткеннен соң, ультракүлгінді сәуле астында бірнеше минут арнайы кабинада қыздырады. Ультракүлгінді сәулеге барлық дене мүшесі немесе басқа да арнайы аумақтары қараудан өткізіледі. Емдеу процедуралары-бір күн сайын жүргізіледі. Емдеу ауру түрлеріне байланысты 10 нан 30 –ға дейін жеке сеанстардан тұрады.

ПУВА-терапиясымен емдеудің  емдік нәтижесі қандай?

ПУВА-терапиясы мен емдеудің мақсаты - бөртпе мен түйіндерінің жасушаларының көбейуіне жол бермей, шегіндіру.

Әдістің құндылығы:

  • Жоғары  нәтижелілігі:  Емделген емдеушілердің 85%  терісінің тазаруы;
  • Терідегі жаңа пайда болулардың алғашқы белгілері 4-6 процедуралардан кейін қортындысының тез арада дайын болуы;
  • Аурулардың жарты немесе ұзақ жылдарға бетінің қайтуы;
  • Әдісті қолдануға тиым салынатын қарсы көрсетілімдердің шектеулігі;
  • Жақсы төзе алушылық;
  • Оқудан, жұмыстан алаңдатып босатуды қажет еткізбей,емхана жағдайында амбулаторлық емдеу;
  • Қолайлы емдеу шарты;
  • «Дағдылану» эффектісіз (қайталау емдеу курстарының эффектілері жоғары);
  • Әдемі біркелкі тотығу әсері;
  • «Қолдау» терапиясының қайталау мүмкіндігі;

Физиоемнің барлық сұрақтары бойынша толық ақпаратты мына телефондарға хабарласып, біле аласыз: 8 (7172) 39-64-59, 22-70-70