Орталықтандырылған бактериологиялық зертхана

0.0/5 оценка (0 голосов)
Орталықтандырылған бактериологиялық зертхана
Жарияланды: 2010-02-01 / Жаңартылды: 2015-04-28

ДжЖҚААЕО-ның бактериологиялық зертханасы заманға сай зертханалық құрылғылармен жабдықталған және қажетті реагентті жиынтық пен арнайы зертханалық ыдыстармен қамтылған. 3-4 топтағы патогенді микроағзамен жұмыс жасауға рұқсат етілген. Зертхана Астана қаласы

Бактериологиялық зертхана келесідегідей микроағзаның шеңберін аңықтайды:

  • Гонорея қоздырғышы;
  • Трихомонада;
  • Кандида;
  • Уреаплазма;
  • Микоплазма;
  • Гарднерелла.

Культуралды өсірме (бак.өсірме) - бұл жасушадағы қоздырғышты әр түрлі өнделген антиметаболиттермен өңдеп, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулардың диагностикасын аңықтаудың ең жақсы әдісі болып табылады. Былайша айтқанда «алтын стандарт». Зерттеу үшін әртүрлі культуралды өсірмелер қолданылады. Қоздырғышты бұл әдіспен жасушадан бөлу қоздырғыштың тірі екендігін және емдеуді бақылап, антибиотикке сезімталдығын аңықтайды. Культуралдық әдістің күрделі екендігін ескеру қажет, бұл әдіс қызметкерден арнайы білім мен айырықша жабдық пен ұзақ уақытты қажет етеді. Жалпы айтқанда, бұл әдістің құндылығы болып оның 100% сезімталдығы және өзгешелігі.

Жұмыс кезеңдері:

  • іріктеу тәртібі, ауруды бақылауға алғандағы алғашқы сынаманы транспорттау және сақтау;
  • микроскопиялық диагностика әдісі;
  • культуралдық диагностика әдісі;
  • антибиотикке сезімталдығы мен антимикробтық препарттарға кедергілерін аңықтау әдісі.

Зертханада автоматтық микробиологиялық анализатор WALK AWAY «Siemens Diagnostics» бар. Бұл заманауи анализатор, микроағзаның 4 сағат бойы сәйкестендіріп, антибактериальдық препараттарға сезімталдығын 4-24 сағатта аңықтауға мүмкіндік береді. Тесттілеу шеңбері 360 микроағзаны құрайды. Анализаторда жаңа, заманға сай флюоресценттік детекция әдісі қолданады. Микроағзаларды бір уақытта 30 реакциямен биотиптік сәйкестендіру патенттік жүйе арқылы жүргізлігендіктен, тексеру нәтижесі жоғары айрықшылық пен дәлдікке ие болады.

Анализатор арқылы аңықтайды:

  • грам теріс бактериялар;
  • грам оң бактериялар;
  • сandida albicans (дрожжи);
  • анаэробты, микроанэробты бактериялар;
  • коринобактерияларды, лактобактерияларды;
  • Neisseria Haemophillu;
  • Bacillacae.

Сондай-ақ, зертахан өз жұмысында гонококтарды өсіретін СО2-инкубаторларын қолданады.

Жұмыс уақыты: сағат 8.00 ден 18.00 дейін.

Талдауларды қабылдау уақыты: сағат 8.00 ден 13.00 дейін.

КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Дерматология орталығының бактериологиялық зертхана базасында  клинико-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

Жыныстық қатынас арқылы берілетін  ауруларға және паразиттік ауруларға, гематологиялық ауруларға  сапалы зертханалық диагностика қоюда зертхананың  барлық мүмкіндіктермен, білікті мамандармен, қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен қамтамсыздандырылған.

Клиникалық-диагностикалық зерттеулер:

  • Мерез  ауруын  микропреципитация әдісімен шапшаң-диагностикалау;
  • Жұғындыларды гонорея, трихомониаз, гарднереллез, таз ауруларына    бактероскопиялық зерттеу;
  • Таз ауруларын зерттеу(дерматомикоздар,  эпидермофитиялар) ;
  • Қышыма кенесіне, демодекс кенесіне  зерттеу;
  • Жалпыклиникалық талдаулар:
  • қанды жалпы талдау;
  • жалпы зәр талдау;  
  • үлкен дәретті ішек құртқа талдау(описторхоз, балантидиаз, лямблиоз и т.д.).
  • Қанды биохимиялық талдаулар (АЛТ, АСТ, жалпы аққуыз, глюкоза, жалпы холестерин, несепнәр, креатанин, жалпы билибурин, С- реактивті аққуыз, ревмофактор  мен қалқан безінің (щелочная фосфатаза) зерттеу
  • Шәуетті зерттеу(шәуетграмма);
  • Безгек плазмодийін анықтау;
  • LE-жасушасындағы лейкоконцентратты  есептеу;
  •  Еркектік бездің сөлін зерттеу;
  • Акантолитикалық жасушаға зерттеу;
  • Үлкен дәретті жасырын қанға зерттеу. 

 Микрорепрециптикалық сифилис әдісімен жедел-диагностика қою үшін Дерматология және ЖҚААЕО-ның клиникалық-диагностикалық зерттеулер базасында ЕАМ дәрігер-зертханашылары және зертханашылары мамандырылады.   

Зертхана меңгерушісі – дәрігер зертханашы Шонтаева Сауле Смадиярқызы

Бөлімде 6 зертханашы қызмет атқарады.